"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Талапкер ауылының жалпы білім беретін орта мектебінде “Бірлік пен келесім” атты тәрбие сағаттары өтті.

10.03.2021
Талапкер ауылының жалпы білім беретін орта  мектебінде “Бірлік пен келесім” атты тәрбие сағаттары өтті. Сабақтың мақсаты:
Өскелең ұрпақтың бойына бірлік пен ынтымақтың рөлін түсіндіріп, ұлттық құндылықты насихаттау.
Тәрбие сағаты барысында оқушыларға ой шақыру мақсатында бірнеше сұрақтар қойылып, оқушылардың ой-пікірлері тыңдалды. Топқа бөлу арқылы бейбітшілікке байланысты ойларын айқын білдірді. Оқушыларға бірлік, келісім, ынтымақтың маңыздылығы түсіндіріліп, насихатталды. Тәрбие сағатын пысықтау мақсатында оқушылар арасында «Кім зерек?» атты тақырыпқа байланысты мақал-мәтел сайысы ұйымдастырылып, оқушылар өзара білімдерін сынады.Сабақты қорыта келе,  «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі екендігі айтылды.
Просмотров: 398


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст