"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

26 ақпан күні «Жамбыл – Феномен-Феникс» тақырыбында челледж өтті

28.02.2021

        26 ақпан күні Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында «Жамбыл – Феномен-Феникс» тақырыбында челлендж басталды.

         Челлендж мақсаты: ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың өмір жолын жан-жақты біліп, мазмұны терең шығармаларынан ой қорытып, ақын ізін жалғастыру,  тағлымды ойларды ұрпақ санасына сіңіру.

         Аталған челленджге мектеп оқушылары, ұстаздары белсене ат салысты. Челленджді өткізу жауапкершілігі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байсеркеева Жансая Төлеуханқызына жүктелді. Челленджді бастаған  Жансая Төлеуханқызы жыр алыбы Жамбылдың өмірі, шығармашылығымен таныстыра отырып, ақынның «Менің өмірім» өлеңін мәнерлеп жатқа оқып, әріптестеріне, шәкірттеріне жолдады. Бұл дәстүрді қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері Реметова Айжан, Амирова Сағыныш, Жаңғақова Жаңылсын жалғастырды. Бұдан әрі челленджді оқушылар іліп әкетті. Атап айтар болсақ, болашағынан зор үміт күттіретін Құнанбаев Берік, Мейрман Өркен, Шайболат Алуа, Бабырова Дильназ, Өмірзақова Ақерке, Едіген Гүлім, Рахметалина Алина, Садық Айару, Сериков Ислам, Кадирхан Қымбат, т.б. Импровицазиялық өнерімен талайды таң қалдырған ақын өлеңіне деген  оқушылар арасындағы құштарлық ұстаздар қауымын ерекше қуантып отыр.

 

                           Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Байсеркеева Ж.Т.

Просмотров: 443


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст