"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

"Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша "Жаңа кітаптар әлемі шақырады"

25.11.2024

Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасынада  “ Оқуға құштар мектеп” жобасы бойынша «Жаңа кітаптар әлемі шақырады» атты жаңа әдебиеттердің  кітап  көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты : Оқушыларды  кітап оқуға қызықтыру, оны таза ұстауға үйрету, кітаптың пайдасы мен маңыздылығын ұғындыру.

Кітап – білімнің бұлағы  болса, кітапхана –рухани байлықтың  ордасы. Кітап таңдап  талғап оқи білу, оны түсіну  мен түйсіну, алған әсерінді  өмір қажетіңе  жарата білу, әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен  парасатын  айқындайтын алғы шарттардың  бірі.

Кітапханамызға балаларға арналған әдеби  кітаптар  сонымен қатар  романдар ертегі қызықты    хикаялар  әр түрлі жанр да кітаптар келіп түсті.

Атап айтсақ  Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры», «Үркер» туындысы,  Шерхан Мұртаза «Бесеудің хаты» атты пьесасы ,  Жүсіп Баласағүннің «Құтты білік»,  Төлеген Айбергеновтің «Атамекен»,  Сәуле Досжанның «Ауылдан шыққан миллионер», Фариза Оңғарсынованың «Алғашқы ұстаз», Махамбет Өтемісұлы «Қызғыш құс»  өлеңдер жинағы, Жюль Верн «Құпия арал» романы, Стиг Ларссонның «Айдаһар таңбалы қыз» романы,  және  «Британ ертегілері»  т.б кітаптар келіп түсті.

Кітап оқу дәстүрін жандандыру, кітап оқу-жеке тұлға  дамуының  күшті факторы екенін түсіндіру. Кітап  оқу арқылы  балалардың  еркін ойлауына, көркем  әдеби  тілде сөйлеуіне, ой- өрісін дамытуға  ықпал ету, балалардың кітапқа және  оқуға көзқарасын өзгерту,кітап оқуға бос уақытты ұйымдастырудың тиімді пайдалы  екенін ұғындыру.

Просмотров: 1626


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст