"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Талапкер ауылының жалпы орта білім беру мектебінде «Ы.Алтынсарин шығармаларының тәрбиелік мәні» тақырыбында сыныптан тыс жұмысты өтті

26.02.2021

         Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байсеркеева Ж.Т. 5-6-сынып оқушыларының қатысуымен қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің онкүндігі аясында Ы.Алтынсарин шығармаларының тәрбиелік мәні» тақырыбында сыныптан тыс сабақ ұйымдастырды. Іс-шара ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналды.

         Өткізілген сыныптан тыс жұмыстың мақсаты: Балалар әдебиетінің атасы Ы.Алтынсарин шығармалары арқылы адамгершілік пен мейірімділік нұрына бөленген, адалдық пен шыншылдық белесін бағындырған, білімді, парасатты тұлғалар қалыптастыру.

         Мұғалім оқушыларға Ы.Алтынсарин өмірі, шығармашылығы жайлы тың мәліметтер жеткізсе, оқушылар өз кезегінде жазушының балаларға арналған шығармаларына тоқталып, олардың тәрбиелік мәнін ашып көрсетіп берді. Ыбырайдан қалған нақыл сөздерді ортаға салып, тәрбиелік мәнін көңілге түйіп, ой қорытындысын жасады. Ботай Іңкәр ақынның «Өзен» өлеңін мәнеріне келтіріп жатқа оқып, мазмұны, лирикалық ерекшелігіне назар аударды. Зейнулла Айдархан Ыбырай әңгімесін кейіпкер бейнесіне еніп, тамаша орындап шықты. Сонымен бірге балалар ұлы жазушылардың, әдебиет зерттеушілерінің Ыбырайға жоғары баға бергендігін мәлімдеді. Дала қоңырауына арналған презентация мен видеоролик бойынша оқушылар пікір алмасты. Ағартушының өміріне, еңбектері мен аудармаларына арналған «Таңғажайып алаң» және «Миллион кімге бұйырады?» ойындарымен сабақ қорытындыланды. Ойын ойнау арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары одан әрі арта түсті. Сабақ соңында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің жетекшісі Кайкенова А.А. және қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Кульмагамбетова С.Т. сөз алып, оқушыларға таудай талап тілеп, терең білім нәрімен сусындап, еліміздің парасатты ұл-қыздары болып өсулеріне тілектерін білдірді.

Просмотров: 582


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст