"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде"Жігер"дебат клубы жетекшісі Ә.Мұхамбетжанованың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 24-ші ақпанында «Бұл палата латын әліпбиіне көшуді қолдайды» атты тақырыбында пікірсайыс өткізілді.

25.02.2021

Дебат тек зияткерлік ойын емес, ол – сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдауға, командамен бірлесіп жұмыс істеуге, сұрақ қойып, оларға нақты жауап беруге үйрететін білім беру технологиясы.
Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде"Жігер"дебат клубы жетекшісі Ә.Мұхамбетжанованың ұйымдастыруымен
 2021 жылдың 24-ші ақпанында «Бұл палата латын әліпбиіне көшуді қолдайды» атты тақырыбында пікірсайыс өткізілді. Мақсаты:Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру.Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа  Қазақстандық  Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу.
    Жас пікірсайысшылар өздерінің көзқарастарын сенімді қорғап, дәлелді фактілермен талассыз дәлел келтірді. Ойын Американдық парламенттік форматта өтілді. Біріншісі Үкімет жақтаушы тобы, екіншісі Оппозиция даттаушы тобы. Әр топтан екі спикерлер қатысты.  Мектебіміздің басшысы Абеева Сағымбала Хасенқызы пікірсайысқа қатысқан спикерлерімізге алғысын білдірді. Жастарға өз мақсаттарына жету үшін сәттілік тілеу ғана қалады.

Просмотров: 516


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст