"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Ыбырай салған ізбенен....

24.02.2021

Ыбырай салған ізбенен....

Бір Аллаға сиынып,

Кел, балалар, оқылық- деп  дала жұртының шамшырағы болған, ұлтымыздың бас ұстазы- Ыбырай атамыздың 180 жылдық мерейтойына орай Талапкер ауылы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен «Айтыстың ақтаңгері» атанған, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Айбек Киікбайұлы Қалиевпен zoom платформасы арқылы онлайн сұхбат өтті.

         9-11 сынып оқушылары мен мұғалімдер көрермен болған сұхбатта Ыбырай Алтынсариннің бізге белгісіз өмірдеректері, шығармашылығы хақында деректер айтылып, атамыздың бүгінгі көзі ұрпақтары туралы тың мәліметтер қозғалды.

         Қазіргі айтыстың дамуы, халықтың сөзін сөйлер ақындардың деңгейі, бағыт-бағдарын бағамдап, Айбек ағамыздың өзі қызмет етіп жүрген Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының бүгінгі тынысы жөнінде, еліміздегі  ЖОО- лар арасындағы ойып алар орны туралы кеңінен мәлімдеп өтті.

Просмотров: 523


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст