"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің жабылуы.

17.02.2021

2020-2021 оқу  жылының 3 -12 ақпан аралығында 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен  «Өзін-өзі тану» пәнінің «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында онкүндік өткізілді.

Мақсаты: Өзін-өзі тану пәнінің авторы С.А.Назарбаеваның еңбегін таныту. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа, сыйластыққа, қамқорлыққа,татулыққа, сүйіспеншілікке, махаббатты, бағалай білуге, жақсылық жасауға тәрбиелеу.

Алғашқы күні ашылу салтанаты барлық оқушы, мұғалімдер арасында таныстырылды. «Өзін – өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру  жобасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаева туралы, өмірбаяны, еңбек жолы туралы слайд көрсетілді. Оқушылар өзін – өзі тану туралы өлеңдер жаттады, бес құндылық әні шырқалды.

03.02.21 ж күні 

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндіктің ашылуы Бірлестік мүшелері, өзін-өзі тану пән мұғалімдері және 10 сынып оқушылары

06.02.21 ж - «Бала жүрек жылуы» С.А. Назарбаеваға арналған сынып сағаттарын өткізген 2 «Б» сынып және 2 «Ғ» сынып жетекшілері

 

08.02.21ж -  «Сүйіспеншілікке толы жүрек» ( Отан, ана, достар, табиғат) туралы  суреттер сайысы (Онлайн  2-4 сыныптар жауапты бастауыш сынып мұғалімдері: Файзуллина Г М, Баймагамбетова А. А., Нашанова Г.С, Ибраева И)

 

09.02.21ж - 5-6 сынып оқушыларының Сара Алпысқызына арнау: «Алтын жүрек анамыз» мәнерлеп оқу байқауы

Онлайн  (жауапты: өзін-өзі тану пән мұғалімі: Балгожина Ж.Г)

10.02.21ж -  «Адамгершілік пен руханилықтың хрустальді көктемі» балалардың шығармашылық жұмыстары. Онлайн (жауапты:өзін-өзі тану пән мұғалімі Кенжебекова М.С)

11.02.21 ж  "Адалдық - асыл қасиет" видео презентация дайындау. Өз мұратына жету танымдық сабақ

Онлайн (Өзін-өзі тану пән мұғалімдері Аубакирова А.С, Оспанова Ш.Қ)

13.02.21ж - Апталықтың салтанатты Онлайн жабылуы (бірлестік мүшелері)

 

 

 

 

Просмотров: 478


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст