"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

“САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ ТӘСІЛІН ЖОСПАРЛАУ” атты ВЕБИНАР

15.02.2021

Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде “САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ ТӘСІЛІН ЖОСПАРЛАУ” атты ВЕБИНАР өттІ.
Семинар мақсаты – білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша тренерлер арасында Lesson Study (Сабақты зерттеу) тәсілін тиімді  қолдану мәселесін талқылау және өзара тәжірибе алмасу.
Қашықтан оқытуда мұғалімдерді әдістемелік қолдау, үздік тәжірибемен бөлісуді мақсат еткен вебинар жұмысына Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімдері және Педагогикалық шеберлік орталығы Ақмола облысы Көкшетау қаласы филиалының менеджері Журба Лилия Витальевна қатысты. Семинарда ұстаздар сабақты зерттеу  іс-әрекетін талдау барысындағы тиімді педагогикалық технологияларды пайдаланып, білім беру мазмұны жаңаруының ұстанымдары мен ерекшеліктерін «Lesson study» тәсілі арқылы сабақты циклді жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдау арқылы бірлесіп жүзеге асыру мүмкіндігіне қол жеткізді. Онлайн режиминде өткен басқосуда вебинарға қатысушылар «Сабақты зерттеу тәсілін жоспарлау» тақырыбындағы іс-тәжірибесімен бөлісті. Іс-шара соңында қатысушылармен кері байланыс жасалып, ұсыныс-пікірлері тыңдалды. 

Педагогикалық шеберлік орталығы Көкшетау қаласы филиалының менеджері Журба Лилия Витальевна вебинар соңында мектеп ұстаздарына сәттілік тілеп бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

   

Просмотров: 453


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст