"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Қашықтықтан 2 «Ғ» сыныбында «Бала жүрек жылуы» атты тәрбие сағаты өтті.

10.02.2021

Ақпан айының 8-күні  өзін-өзі тану апталық жоспар аясында қашықтықтан 2 «Ғ» сыныбында «Бала жүрек жылуы» атты тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағатының мақсаты:   Балалардың бойларындағы адамгершілік, қайырымдылық, сүйіспеншілік, ізгілік, инабаттылық, ақылдылық, әдептілік қасиеттерін ояту.

Міндеттері: - Жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру;

- Қайырымдылық қарым - қатынас жасау, іскерліктерін дамыту;

- Мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Дәйек сөз.

Мейірімділікті анадан үйрен

(халық даналығы)

Мәтінмен жұмыс.

Балаларды табиғатқа қамқорлық жасауға жетелеу мақсатында З. Мейірхановтың «Маржан мен жауқазын» әңгімесін мұғалім оқып береді. Балалар сұрақ бойынша өз ойларын айтады.

- Маржан жауқазынға қандай жақсылық жасады?

- Маржанға баға бер.

Шығармашылық жұмыс.

«Жақсылық тамшысы»

Оқушылардың санына сәйкес алдын - ала дайындалған тамшы үлгісінде қиылған қағаздар үлестіріледі. Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін жазады. Тақтаға тамшыларды іліп, өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсы істерін жария етеді.

- Балалар, әрқайсыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға айналады. Яғни әр адамның жүрегі жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.

Тапсырма.

Оқушылардың алған білім - біліктерін нақтылау мақсатында тапсырма беріледі. Тапсырма бойынша балалар оқулықта берілген суреттерге қарап, осындай жағдайларда қандай жақсылық жасауға болатындығын әңгімелеп айтады. Балалардың жауаптары тыңдалады.

Жүрегінде жылуы бар адамдардың көмекке мұқтаж жандарға, жан - жануарларға, табиғатқа қамқорлық жасайды. Жақсылық жасау – адам жүрегіндегі ең асыл қасиеттерінің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады.

Просмотров: 522

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст