Текст
Мектебімізде 5 сынып қыздарымен «Сырғалым» клубы «Қыз бала - еркем, бұрымымен көркем» тақырыбында қыздар отырысын ұйымдастырды.
Мақсаты: Әпкелі сіңлі арасындағы өзара сыйластықты, бір-біріне деген сүйіспеншілікті нығайтып, қыз балалар арасындағы тәрбиені одан әрі дамыту, адамгершілік қасиеттерін, Отанын, тілін, қазақи салт-дәстүрді құрметтей білуге, ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге, ұғынуға тәрбиелеу. Халқымыздың бойына ғасырлап сіңген ұлттық мінез, ұлттық тәрбие, жақсы дәстүрімізді жаңғыртып, ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, үлгі - өнеге алуға, шыншылдыққа баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу және қыз балалар арасындағы қарым - қатынасты нығайту.