Текст
Целиноград ауданы, Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектебінде желтоқсан, қаңтар айларында «Өлең сөздің патшасы –сөз сарасы» атты және «Абай қарасөздері және менің ойларым» атты тақырыбында іс-шаралар өткізілді. Абай әлемі - ұлы қазына, біз тек ақын өлеңдерінің аз ғана бөлігін қамтуға мүмкіндік алдық. Бүгін ХХІ ғасырдың басында біз Абайдың шығармашылығынан қазаққа қажет руханилықты табамыз. Осындай іс-шараға оқушыларымыз да белсене қатысты. Абай өлеңдерін жатқа оқу, қара сөздердің мазмұнын меңгеру,оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттырып, тіл байлықтарын таным көкжиектерін кеңейтті.
Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз.