Текст
Ас – адамның арқауы. Қаншалықты дұрыс тамақтансақ, денсаулығымыз соншалықты мықты болмақ. Дұрыс тамақтану қағидасын денсаулығына алаңдайтын әрбір адам білгені дұрыс.
Тамақтану сауаттылығының бес негізі:
1. Тамақ құрамында негізгі қоректік заттардың болуы (ақуыз, май, көмірсу)
2. Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (дәрумендер мен микроэлементтер)
3. Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;
4. Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;
5. Тамақтанудың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы.