"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Ыбырай Алтынсарин – ұлт мақтанышы» тақырыбында өткен кездесу

20.01.2021
Талапкер ауылы №3 орта мектебінің оқушыларымен
 «Ыбырай Алтынсарин – ұлт мақтанышы» тақырыбында өткен кездесудің ақпараты
 
Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай Талапкер ауылы №3 орта мектебінде 9-сыныптардың сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Ыбырай Алтынсарин – ұлт мақтанышы» тақырыбында Ы.Алтынсарин шөберелерімен онлайн кездесу болып өтті. 
Кездесу мақсаты: оқушыларды, ұстаздарды ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің шөбересі Жұмакүл Бәйдібекқызымен кездестіріп,   Ыбырай ұрпақтары жайлы жан-жақты мәлімет беру; ағартушының өмірі, шығармашылығымен таныстыра отырып, білімді, еңбекқор, мейірімді, сонымен қатар ұлыларын ұлықтай білетін патриот тұлғалар тәрбиелеу.
  Іс-шара барысында мектеп оқушылары, ұстаздар қазіргі таңда Жамбыл облысы Шу қаласында тұратын  Ы.Алтынсариннің шөбересі Аманкельдинова Жұмакүл Бәйдібекқызымен онлайн кездесті. Жұмакүл апай Ы.Алтынсариннің Абдолла деген ұлынан туған немересі, яғни өзінің анасы Нағима жайлы, бүгінгі таңдағы ұрпақтары туралы біраз деректер айтты. Атасы Ы.Алтынсарин және оның Қостанай қаласында ашқан мектептері жайлы кеңінен мәлімет берді. Ағартушының мерейтойлары кезінде Қостанай, Астана қалаларында өткен республикалық, халықаралық бірнеше кездесулер жайлы бөлісті. Нағима әженің басшы Д.А.Қонаевпен кездесуі, сонымен бірге Ыбырай ұрпақтарына арналған шежіре туралы сыр шертті. Сынып жетекші Ж.Т.Байсеркеева да Нағима әжемен, Жұмакүл апайлармен бір ауылда бір көшеде көрші болып тұрғандарын мақтан ететінін айтты. Бала кезінде есінде қалған Нағима әже жайлы естеліктерін ортаға салды. Сонымен бірге оқушылар Ы.Алтынсариннің өмірі, шығармалары жайлы мәліметтерді көрермен назарына ұсынып, жазушының тәрбиелік мәні зор шығармаларына тоқталып өтті. Ақынның «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін Әлдікенова Маржан мәнеріне келтіре оқыды. Ағартушының ұрпақтарына, қызметіне, еңбектеріне арналған презентация көрермен назарына ұсынылды. Кездесу соңында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Құлмағамбетова С.Т. және тарих пәні мұғалімі Рахимов Е.Т. сөз алып, қонақтарға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, алғыстарын білдірді. 
Бұл іс-шара оқушылар үшін де, ұстаздар үшін де тағлымы мол кездесу болды.
 
 
 
                                   9 «А» сыныбының сынып жетекшісі: Байсеркеева Ж.Т.
Просмотров: 670


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст