Тәрбие сағаты: "Салауатты өмір салты – ғасыр ұраны", 7"Ғ" сыныбы, Жолаушина Г.Г.
|
Күні:26.11.2020ж Сыныбы: 7 Ғ Мұғалім: Жолаушина Г.Г. Мектеп: №3 Талапкер орта мектебі |
||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Салауатты өмір салты – ғасыр ұраны |
|||
|
Сабақтың мақсаты |
табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары – зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру. |
|||
|
Бағалау критерийі |
|
|||
|
Пәнаралық байланыс: Көрнекілігі: |
Нақыл сөздер |
|||
|
Сабақбарысы |
||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Мұғалім әрекеті |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі. 5 мин |
Сабақ барысы. Ұйымдастыру Сәлемдесу. Оқушылар назарын сабаққа аудару |
|
||
|
Сабақтың ортасы 20 мин
|
Саламатсыздар ма оқушылар. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Салауатты өмір салты » деп аталады. Бұл тәрбие сағатты өткізіп отырған себебіміз, оқушылардың салауатты өмір салтын сақтау,денсаулықты күту, тазалық сақтау , зиянды әдеттер, қатерлі дерттер, лас істерден аулақ болу және тән сұлулығы мен жан сұлулығы жайлы пікірлерін ортаға салу. Дүние жүзін жаулап аламын деген Шыңғысхан Әмударияның жағасында ауырып қалып, қытайдың атақты Ган Чун Цзи деген емшісін алдыртады. Жарық дүниені қимаған Шыңғысхан мәңгілік өмір сүруді жүзеге асыратын қандай дәрің бар деп сұрапты. Сонда емші: «Өмірде уақытша ғана болуға арналған дәрі бар, ал мәңгілік өмір сүретін дәрі жоқ», - депті.Демек, бойына қабылдап алған дертін адам өзі шығарады дегендей - ақ, ұзақ өмір сүрудің кілті әр адамның өзінің қолында екенін айтпақпыз. Сонау ықылым заманнан бері адам баласы ұзақ өмір сүрудің жолын қарастыруда. Кезінде осы қағиданың негізі болған Аристотельдің іліміне сүйенсек: «Жанды дене қозғалмаса өледі» деген тұжырымдамасы сол дәуірден бері адамзаттың ұзақ жасауының, яғни салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі болып табылады. Мысалы, қара қарға әр нәрсені бір шоқып жүріп 300 жыл жасайды екен. Сағатына 10м қозғалатын тасбақа да 200 жыл өмір сүреді. Тұңғыш елбасымыздың жолдауында атап өткеніндей «Адам – елдің басты байлығы», осы адамдардың денсаулығының жақсы, жаман болуына өздерінің іс - әрекеттерінің әсері мол. Және де біздің елбасымыз 2002 жылды «Денсаулық» жылы деп те жариялаған болатын. Еліміздің болашағы жастардың қолында. Сондықтан әр жас ұрпақ өз денсаулығын ойлау керек! Салауатты өмір салтын ұстануға бірден - бір кері әсер ететін факторлар. Жаман әдеттерің ішінде жасөспірімдер арасында көп таралғаны шылымқорлық. Оның зардабы: бронхит, өкпе қатерлі ісігі ауруларына әкеліп соқтырады. Темекі түтінінде 300 - ден астам әр түрлі химиялық заттар, олардың ішінде никотин иіс газы сияқты жүйкеге тиетін, өте қатерлі у бар. Дүние жүзінде тым тез тарап бара жатқан әдеттің бірі нашақорлық – бұл тажал адамның денсаулығына кері әсерін тигізеді және жас ағза бірден үйренеді. Соңғы зерттеулер бойынша Қазақстанда жасөспірімдердің 12%- ы өмірінде 1 рет болса да есірткі қолданып көрген. |
Слайд арқылы мәлімет беру
|
||
|
Сабақтың соңы 5мин |
Рефлексия: «Көңіл-күйағашы» Оқушыларғаекітүсті алма – қызылжәнежасылтүсберіледі. Балаларалманы алма ағашынажапсырады: жасыл – мен бәрінөтежақсыжасадымдепесептеймін, меніңкөңіл-күйімжақсы, ал қызылтүс – тапсырманыорындайалмадым, меніңкөңіл-күйімжоқдегендібілдіреді. Қорытынды: Адам бұл өмірге қонақ, олай болса, бір ғана рет берілетін өмірді еңбек етіп, толық мәнді өмір сүру - бізге міндет . |
|
||
|
Үй тапсырмасы 2 мин. |
«Салауатты өмір салты – ғасыр ұраны»тақырыбы бойынша шағын әңгіме жазу. |
|
||
