"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында « Мұқағали Мақатаев Мен өмірді жырлау үшін келгенмін»атты тақырыбында кітапханалық сабақ өтті.

15.02.2023

Ақпарат

Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында « Мұқағали Мақатаев  Мен өмірді жырлау үшін келгенмін»атты тақырыбында кітапханалық  сабақ өтті.

Мақсаты;Оқушыларды  Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылық   еңбегімен таныстыру.  Мұқағали  жырларын, дастандарын , әндерін  айта отырып ,ақындыққа баулу, Отанын ,елін ұлтың сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы мен еңбектері не арналған кітап көрмесі,слайд

      Қазақ поэзиясының мұзбалағы  атанған ақынның өмірі мен шығармашылығы   поэзия  құдыреті таныстырылды.  Мұқағали  Мақатаевтың өмірбаянына шолу жасалып: 1931 жылдың  9- ақпанында Алматы облысы ,Нарынкөл ауданының Қарасаз ауылында  дүниеге келген.Мұқағалидың әкесі Сүлеймен шаруа адамы болған. Әкесі соғыста қаза тауып , анасы мен әжесінің  тәрбиесінде өсті.Бастауыш сыныпты  Қарасазда оқып , орта мектепті  аудан орталығы  Нарынқолда  интерната оқып бітіреді. Мектепте оқып жүргенде ең алғашқы  өлеңдерін жаза бастаған  болатын., еңбектері туралы айтылды: Оның  өлеңдері  туған  жер, табиғат туралы. Жастарды елді , табиғатты  сүюге , оны  аялай білуге  үйретеді. Алып ақын туған даласы  мен тауларына ,ормандарына    сағынышын  баса алмай кеткен ұлы ақын.. «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін»деп ақын өмірді өлеңіне арқау еткен. Ақынның өлеңдеріне шолу жасалып, оқырмандар өздерінің білетін өлеңдерін  естеріне түсіріп, ойларымен бөлісті.   Оқырмандар ақынның  жас дарынға  тән қайталанбас  шеберлікпен ,  поэтикалық  мінсіз үйлесіммен ,әр жүрекпен  тіл табысар сыршыл да шыншыл  сезіммен ,   бейнелі  образдарымен   туындаған жырларын еске түсірді.

   Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың  артына  қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн  қойнауынан құпия  сәулесін  шашқандай жарқырап, өркендей өсіп, айшықтала түсуде.

Абай үндес Мұқағалидай  перзенті  бар халық шынымен  бақытты халық!

Ақиық ақынның  ұрпаққа ұран  болған жырларын  елі де, ақынның ой мен сезім  астасқан  жырларын  жаттаған  жас қауым  да ешқашан  естен шығармайды деп сенеміз.

  • WhatsApp Image 2023-02-15 at 08.43.40.jpeg
  • WhatsApp Image 2023-02-15 at 08.43.40.jpeg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 15.02.2023 08:48
Құрылған күні: 15.02.2023 08:48

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст