«Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» 6 ә сынып. Какенова Ш.Ч.
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:«Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы»
Мақсаты:Оқушылардыеліміздіңтәуелсіздікалғанжылдарішіндегіжеткенжеңістіктеріментаныстыру, әлемтаныған ел екеніндәлелдеу, білімдерінкеңейту.Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Бейнеролик, «Желтоқсан құрбандарының суреттері» Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері, Нақыл сөздер, слайд, кітаптар.
Барысы:
І. Ұйымдастырукезеңі:
- Амандасу
- Психологиялық ахуал туғызу.
- «Тәуелсіздік жолында» видеоролик көрсету:
4. «Қалтадағы сұрақтар» /викториналық сұрақтарға жауап беру/
5. Қорытынды.
- Қайырлы күн, құрметті оқушылар!
-Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
Бүгінгі 6«Ә» сыныбында өткізгелі тұрған «Тәуелсіз елімнің – ерлік жолы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Асау аттай өз тізгінін бермеді.
Қазағымның алтын басын иілтіп,
Талай дұшпан төрімізге төрледі.
Баршаңызды «Тәуелсіздік күні» мерекесімен шын жүрек, ізгі ниетпен құттықтай отырып, барлықтарыңызға бақыт, береке, бірлік, дендеріңізге саулық тілеймін!
Оқушылар, бүгінгі күніміз үшін және тәрбие сағатымыздың сәтті өтуі үшін бір-бірімізге –СӘТТІЛІК!!!
«Ой ашар» сұрақтар:
1.Тәуелсіздік дегеніміз не?
2. Тәуелсіз Қазақстанымыз қандай?
Оқушылар жауабы.....
Өте жақсы, сендер сұрақтарға жауап беру арқылы бүгінгі сабағымызға қаншалықты дайын екендеріңді көрсеттіңдер, жарайсыңдар!
ІІ. Негізгі бөлім
-Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп-қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап, қадірлеген. Олар елі мен жері және ана тілі. Қандай халық болсын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайды.
Мұғалім:Біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Тәуелсіздікке жету жолында басынан өтпеген ауыртпашылығы жоқ. Сол бір сұрапыл кезеңдердің бүгінде елес болып қалған бейнесін көз алдымызға әкелейікші!
«Қазақстан Тәуелсіздік жолында» бейнеролик көрсету
- Бұл бейнеролигімізде сан ғасырлар бойы жерімізді сырттан төнген қауіп-қатерден қорғап, елінің еркіндігі жолында күресіп, жанын қиып, қаны төгілген ата-баба ерліктерінің ең ауыр, ең атаулы оқиғалары іріктеліп алынған.
Мұғалім: Ал енді, осы бейнероликтен не көрдік, қандай оқиғаларды байқадық ойларыңмен бөлісе отырсаңдар!
- Жақсы, рахмет сендерге! Ал енді соңғы көрсетілген бөлімдері бойынша: яғни, желтоқсан оқиғасын -«Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы» және Тәуелсіздік алған кезеңді - «Азаттықтың ақ таңы – Тәуелсіздік!» атты екі тақырыппен алып, өздерің қалаған бір әдіс түрімен қорғап кетсеңдер деген өтініш айтқым келіп тұр.
Мұғалім:
Жастарымыз жазықсыздан құрбан боп,
Халқы үшін жақсылықты тіледі.
Ешкім білмес қанша құрбан болғанын,
Жас өрімдей гүл қыздардың солғанын.
Сезінбеді төрде отырған ағалар,
Қандастардың қанша жанын алғанын.
- «Желтоқсан жұлдыздары» - жалынды жастарымыз бен қыршын кеткен боздақтарымызды орнымыздан тұрып, бір минут үнсіздікпен еске алайықшы!(1 минут үнсіздік)
Мұғалім:Тарихқа біраз көз жүгірттік,Тәуелсіздігімізді жырладық. Енді сол Тәуелсіздік алғанға дейінгі және кейінгі жылдардағы атаулы жылдардың кейбіреулеріне тоқталып, жадымызды бір жаңғыртып кетсек, қалай қарайсыңдар?
-«Қалтадағы сұрақтар» деп аталатын бұл бөлімімізде сендерге сұрақтар беріледі. Сол сұрақтарға жауап бересіңдер.Ойлануға 30 секунд уақыт беріледі.
Мұғалім: Сұраққа бірден жауап беруге және өзге оқушылардың білмеген сұрақтарына жауап берулеріңе болады. Олай болса қалташаларды таратуды бастаймыз.
- Жарайсыңдар, алған білімдеріңді жақсы дәлелдеп шықтыңдар. Тарихымызды, шежіремізді білу қайсымызға болса да үлкен парыз ғой!
Мұғалім:Ал енді балалар, бүгінгі тәрбие сағатынан өздеріңе алған әсерлеріңмен бөлісу үшін «Тәуелсіздік маған қымбат себебі,.............» деген тіркесті толықтырып, сөйлемді аяқтап кетіңдерші!
- «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - Тәуелсіз Қазақстан» деп елбасымыз айтқандай, кең - байтақ Қазақстан – туған өлкеміз, оны сүйіп құрметтеу - барлығымыздың парызымыз.
Мұғалім: Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
Осымен «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Уақыттарыңызды бөліп қатысқандарыңа көп-көп рахмет!
