«Тәуелсіздік елім – кең байтақ жерім» Сынып жетекшісі: Аубакирова А.С Сынып: 7«Б»

Бекітемін:                                                         Келісемін:

№3Талапкер орта мектебінің                       директордың тәрбие жұмысы

директоры Абеева С. Қ                                  жөніндегі орынбасары

«__» ________2019  ж.                                     Хамзина Г.А.  «___»______2019 ж.

 

 

 

«Тәуелсіздік елім – кең байтақ жерім»

 

Сынып жетекшісі: Аубакирова А.С

Сынып: 7«Б»

 

 

2019-2020 оқу жылы

Күні: 10.12.19ж.

Мүғалімнің аты-жөні: Аубакирова А.С.

Сынып: 7 «Б»

Қатысқандар саны:           

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:              «Тәуелсіздік елім – кең байтақ жерім»

Сабақтың мақсаты:

 

  • Қазақстан туралы білімдерін толықтыра отырып, өз ойын ашық айтуға, пікірін білдіруге үйрету.
  •  Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру.
  • Тәуелсіздік туын жоғары ұстауға, тіл байлығын қадірлеуге, патриоттық, адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп, жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

 

 Топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: 

Интербелсенді тақтадан оқушылардың бойында

патриоттық сезімді оятатын әр түрлі слайдтар

Сабақ барысы

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

(2 мин)

Ой қозғау.

 

а) Әнұран шырқалады.

 

Сұрақ-жауап:

- Тәуелсіздік деген қандай ұғым?

- Тәуелсіздік дегенде ойларына не оралады?

- Биыл тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толып отыр? 28

- Тәуелсіз ел деп қандай елді айтады? (Тәуелсіз ел ешкімге, ешқандай елге тәуелді, бағынышты болмайды. Өз жері, шекарасы, әскері, мемлекеттік рәміздері, ұлттық ақшасы, мемлекеттік тілі, өз Ата Заңы бар ел)

- Ендеше, балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз тәуелсіздік мейрамына арналмақ «Тәуелсіздік елім – кең байтақ жерім» атты тәрбие сағаты.

(3 мин)

Мұғалімнің/оқушының іс-әрекеттері

Ресурстар

 

ә) «ҚР тәуелсіздік күні» бейнеролик көрсетіледі.

Бейнероликті  талқылау.

 

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің.

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің. Бүгінде бар әлемге даңқың жетті.

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.

 

«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін» (Н.Назарбаев)

Интер белсенді тақтадан оқушылардың бойында

патриоттық сезімді оятатын әр түрлі слайдтар, мемлекет рәміздерін көрсету.

 

Сабақтың ортасы

(15мин)

І.тапсырма:

1топ:«Тәуелсіздік елім – кең байтақ жерім»эссе

2топ: Тәуелсіз Қазақстан өлең шығару

3топ: Патриоттық әндер

4топ: Сурет салу

 

ІІ тапсырма:

«Тәуелсіздік шежірелері» (Әр топтан оқушы шығып тақтадағы «Білім ағашы» жапырақшалар іледі. Әр жапырақшада тәуелсіздік жылдарындағы тұңғыштар жазылған.)

  • 1990 жылы қазанда Қазақ  КСР егемендігі туралы Декларация қабылдады.  
  • 1991 жылы 1 желтоқсанда ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев сайланды.
  • 1991 жылы алғашқы сыртқы істер министрі болып Төлеутай Сүлейменов
  •  
  • 1992 жылы Қазақстан ТМД елдерінің құрамында алғашқы рет жазғы олимпиада ойындарына қатысты.
  • 2000 жылы Сидней олимпиадасында Бекзат Саттарханов қазақтан шыққан тұңғыш чемпион атанды.
  • 1991 жылы тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.
  •  1993 жылы тұңғыш Конституциямыз қабылданды.
  • 1997 жылы Елбасы Қазақстан халқына тұңғыш жолдауын арнады.
  • 1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы қабылданды
  • 1993 жылы Ұлттық тенгеміз енгізілді.
  • 1995 Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.
  • 1994 жылы 6 шілдеде  астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады.
  • 1995 жыл – Абай жылы болып жарияланды.  
  • 1996 жылы 30 қыркүйекте Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шартына қосылды.
  • 1996 жыл – ұлы ақын-импровизатор Жамбыл Жабаевтың жылы.  
  • 1998 ж. 1 маусымында - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері құрылды.
  • 1998 жыл – Ұлттық тарихы мен бірлігі жылы.
  • 1999 жыл – Ұрпақтар бірлестігі мен сабақтастығы  жылы.
  • 1999 «НҰР ОТАН» партиясы құрылды.
  • 2000 жыл – «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды.
  • 2001 жыл 21 ғасыр бастамасы. 
  • 2002 жыл – «Денсаулық жылы»  деп жарияланды.
  • 2002 жыл  4 маусымда Алматы қаласында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі Кеңестің (АӨСШК) Саммиті өтті.
  • 2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды. 
  • 2003-2005 жылдары –«Ауылды қолдау жылы» деп жарияланды.
  • 2005 жылы 2 маусымда  Байқоңырдың  50 жылдығы аталып өтті.
  • 2006 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15 жыл толды.
  • 2006 жылы - Желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толды.
  • 2008 жылы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың негізінде жаңа мейрам -  6 шілде  - Астана күні енді.
  • 2009жылы қаңтар  айында –ҚР –да ұлттық халық санағы өтті.
  • 2011 жылы Қазақстанда азияда қыстық ойындары өтті.
  • 2017 жылы ЭКСПО өтті.
  • 2019 жылы жаңа Елбасы сайланыды

Плакакаттар, маркерлер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

Рефлексия

(3 мин)

   Смайлик әдісі

 

Қорытын

ды

(2 мин)

 

      Қорытынды  сөзімді  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келеді. «Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса,

азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып - көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» 

Осымен құрметті қонақтар, оқушылар    ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған - Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Бүгінгі  «Тәуелсіздік елім – кең байтақ жерім» атты  ашық тәрбие сағаты аяқталды.

 «Атамекен» әні орындалады.