Қазақстандағы киелі жері – Қожа Ахмет Йассауи кесенесі. Жолаушина Г.Г.

   Күні:28.10.2020ж          Сыныбы: 7 Ғ           Мұғалім: Жолаушина Г.Г.    

Мектеп: №3 Талапкер орта мектебі                        

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстандағы киелі жері – Қожа Ахмет Йассауи кесенесі

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға Қазақстанның киелі жерлерімен таныстыру, тарихымен таныстыру.Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің қасиетті жерлерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Бағалау критерийі

 

Мәтіннің негізгі мазмұны түсінеді,нақты ақпараттарды ажыратады

 

Пәнаралық  байланыс:

Көрнекілігі:

нақыл сөздер

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.

5 мин

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Оқушылар назарын сабаққа аудару

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

20 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі Оңтүстік-Қазақстан облысы Түркістан қаласында орналасқан. Оны әлемнің сезігінші кереметі деп тегіннен тегін атамаған. Бұл сарайлар мен ғибадатханалардың кешені орта ғасыр сәулетінің жауһары, ол ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енген. Қожа Ахмет Яссауи (Әзірет Сұлтан) - XII ғасыр ойшылы және түркілік сопылық бағытты дәріптеген ақыны. Біздің заманымызға дейін оның, әлемдегі ең көне түркі тілді кітап саналатын, «Диуани-Хикмет» («Даналық кітабы») атты еңбегі жеткен. Ол 149 діни-философиялық хикмет-өлеңдерден тұрады. Яссауи өзінің сопылық қауымын ұйымдастырған, онда адамдарды еңбекке баулып, қарапайым, миссионерлік өмірге, құлшылық етуге шақырып уағыздар айтылған. 63 жасында дүниеден өткен Мұхаммед Пайғамбардың ( с.ғ.а.) аруағын ардақтаған ол бұл дүниенің жарығын одан асып көруді өзіне артық санап, 63 жасқа толғаннан кейін мешіт жанындағы қылуетке түсіп, сол жерде өмірін жалғастырады. Ақын 1166 немесе 1167 жылдары дүниеден өткен. Оның зираты бірден мұсылман қауымының бас ұрып, тағзым ететін орнына айналды. Оған үш рет бару Меккеге барғанмен тең деп те жатады. Қожа Ахметтің арқасында Яссы қаласы – Түркістан – барша түркі елдерінің рухани орталығына айналды.

233 жылдан кейін, Яссауи жерленген орында ерекше әдемі және үлкен кесене тұрғызылды. Ол бар болғаны он жыл ішінде – өте қысқа мерзімде бой көтерген! Кесене портал және күмбездерден құралған тікбұрышты ғимараттардан тұрады. Аркалы порталдың биіктігі – 37,5 метр, басты күмбездің биіктігі – 44 метр, диаметрі – 22 метр. Сыртқы қабырғалардың қалыңдығы – 2 метр, ал орталық дәліздердікі – 3 метр. Бүгінгі таңда жақсы сақталған кіре беріс ғимараттағы жазбада «Бұл киелі орын Алланың сүйікті құлы, әмірші Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылған – Алла оның әмірін мәңгілік етсін!» деп жазылған.

1398 жылы Темірлан (Әмір Темір) Алтын Орда және оның ханы Тоқтамыспен шайқаста жеңіске жетті. Осы оқиғаның құрметіне ол дала жаһанының рухани және саяси орталығы, Ұлы Жібек жолының көне қалаларының бірі, қазақ хандарының астанасы Түркістандағы Яссауидің көнеріп кеткен кесенесінің орнына мемориалды кешен тұрғызбақ болады. Темірланның өзі болашақ кесененің жобасын құруға қатысып, әсіресе, ғимараттардың өлшемдерін анықтап, сондай-ақ кейбір декоративті бөліктерге байланысты тапсырмалар беріп отырған деседі.1405 жылы Темірлан дүниеден өтті және кесене құрылысы жұмыстары тоқтап қалды. Қабырғаларда әлі күнге дейін ағаш бөренелер мен құрылыс ағашының қалдықтары байқалады. 
Кесененің күмбезі Орталық Азиядағы ең үлкен күмбездердің бірі, оның диаметрі шамамен 18 метрді құрайды. Кесенеде шартты түрде сегіз блокқа бөлінген 30-дан астам бөлмелер бар. Олар өзара шиеленіскен жолдармен, дәліздермен, сырмалы екі қабатты сатымен байланысқан. Жарық ішке ағаш шарбақтармен бітелген терезелер арқылы кіреді, жаңғырық адамдардың аяқ дыбысын алысқа алып кетеді... Жартылай қараңғылық, салқындық, тыныштық құлшылық етушілердің жүрегінде терең сенім мен үйлесімділік тудырады. Қазандық – кесененің ең үлкен залы, күмбезбен жабылған негізгі салтанатты кеңістігі. Ол жерде көнеден келе жатқан киелі зат қола Тайқазан орналасқан, оның сыйымдылығы 60 шелек, диаметрі – 2,2 метр, салмағы 2 тонна. Аңыз бойынша, Тайқазан Қарнақ ауылында жеті сирек кездесетін металдың қорытпасынан жасалған. Тайқазан түркі тайпалары ынтымағының және қонақжайлылығының белгісі. Сенім бойынша, одан су ішкен құлшылық етуші жамандықтан тазарады.

Сондай-ақ кесене ішінде кітапхана, Яссауи  өз өмірінің соңғы күндерін өткізген жер асты қылуеттері, жаңа туған нәрестелерді дәріптейтін шілдехана бөлмесі орналасқан. Кеңінен көсілген шаруашылық кешеніне құдықхана кіреді. Бұл жерден алынған суды мұсылмандар киелі санап, онымен Тайқазанды толтырып, мұсылман мерекесі күндері осы сумен құлшылық етушілердің шөлдерін қандырған. Асханада бидай мен қой етінен дәстүрлі тағамды әзірлеген. Сондай-ақ худжра деп аталатын тұрғын бөлмелері мен бүгінде көне легендер мен құмғандарды кездестіруге болатын монша да бар. Сол заманның ең озық технологиялары арқылы жасалған кесененің сәулеті қайталанбас құбылыс. Бұл ғимаратты тұрғызу кезінде парсы сәулетшілері Самарқанд және империя астанасы Тимуридтерді тұрғызу кезінде қолданылған көптеген жаңашыл сәулет және құрылыс шешімдерін пайдаланған. Құрылыста ерекше қоспа мен күйдірілген қызыл кірпіш қолданылған. Қабырғалар мен күмбездердегі декоративті әрлеудің байлығы әрі сан алуандығы, ғимарат пен күмбез көмкерілген сұлулығы мен шеберлігі жағынан ерекше тасты және майоликалы тақталар, мозаикалар, өрме жазумен, герметикалық және өсімдік өрнектерімен берілген қабырғадағы суреттер, тассүңгілер, қуатты тізбекті және көркем мұнаралар – осының бәрі Әмір Темір заманындағы, Орталық Азияға тән архитектура стилінің қалыптаса бастаған кезіндегі сәулет өнерінің қандай деңгейде болғанын көрсетеді. Сол дәуірде тұрғызылған барлық монументалды ғимараттардың ішінде тек Қожа Ахмет Яссауи Кесенесі ғана толықтай сақталған.

 

Слайд арқылы мәлімет беру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 5мин

Рефлексия: «Көңіл-күй  ағашы»    Оқушыларға  екі түсті алма – қызыл және жасыл түс беріледі. Балалар алманы алма ағашына жапсырады: жасыл – мен бәрін өте жақсы жасадым деп есептеймін, менің көңіл-күйім жақсы, ал қызыл түс – тапсырманы орындай алмадым, менің көңіл-күйім жоқ дегенді білдіреді.  

  Қорытынды:

Құрметті оқушылар сабақта сіз  Қожа Ахмет Йассауи кесенесі туралы көп мәлімет алдыңыз. Кесененің келесі құпиясы – қаптайтын тақталарды сырлаған көне жылтырақтар мен бояуларды қалай өндіргендері. Жаңа технологиялар бұрынғы шеберлердің нәтижесін қайта жаңғыртуға көмектесе алмады. Күмбездің қаптамасын заманауи тақталармен жаңартқан кезде бір жыл өте салысымен қаптаманы шешу керек болатын, себебі күмбез судың салдарынан ісіне бастаған. Ал ежелгі құрылысшылар су өткізбей ғана қоймай, сонымен қатар күмбездің табиғи жолмен ауа алмастырып тұруына қол жеткізген. Түркістанға жол тартқан кез келген құлшылық етуші адам, түркі елдерінің рухани тәлімгері, артында қалған ұрпағы «Далаға Ислам жарығын әкелуші» деп бағалайтын, танымал Әзірет Сұлтан жерленген, Әмір Темірдің бұйрығымен бой көтерген күмбезге бас сұқпай кетуі мүмкін емес деседі. 

Байтақ дала жерім менің Арта берсін даңқың сенің Көк байрағың желбіресін Егеменді елім менің – дей отырып, балалар осымен сабағымыз аяқталды.                             

 

 

Үй тапсырмасы

2 мин.

« Қазақстандағы киелі жері – Қожа Ахмет Йассауи кесенесі» тақырыбы бойынша шағын әңгіме жазу.