Сандарды салыстыру. 1 -сынып. Аймуганбет Алия Амангельдиевна

   Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: математика

Мектеп: Ақмола облысы

Целиноград ауданы

Талапкер №3орта мектебі

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Сандар мен цифрлар

«Менің мектебім»

 Ортақ тақырып аясында

 

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:  Аймуганбет Алия Амангельдиевна

 

Сынып: 1

Қатысқандар:-

Қатыспағандар саны:-

Сабақтың тақырыбы

Сандарды салыстыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (ОБ сілтеме)

 1.5.1.2 сандарды салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдалану.

1.5.2.3 сандарды қосуды, алуды, салыстыруды (артық, кем) көрші сандарды, сандық аралықтарды, сандар тізбегін көрсету үшін сандық сәулені қолдану.

 

Сабақ мақсаттары

 

 

 

1-ден 10-ға дейін сандар қатарын білу.

1-ден 10-көлеміндегі тура және кері ретпен санау, натурал сандар қатарындағы орнын анықтау.

Сандық сәуле көмегімен қосу және азайту.

Бағалау  критерийлері

1. Бір таңбалы сандарды салыстыру амалдарын орындайды.

2. Сандарды тура және кері ретпен санайды.

3. Натурал сандар қатарынын ретін анықтайды.

Тілдік мақсат

 

 

Пәнге қатысты лексика мен терминологиясы:

Артық, кем,тең.

Диалог пен жазуға пайдалы сөз тіркестері:

Қанша?неше?

 

 

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.Бірін-бірі тыңдай білу.

Пәнаралық байланыстар

Сауат ашу, жаратылыстану, денешынықтыру

Алдыңғы меңгерілген білім

1-10 ға дейін санай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

2 мин

Психологиялық дайындық. Шаттық шеңбері.  Бір-біріне санамақ арқылы көңіл-күй сыйлау.

Бір дегенім-бесік

Шықтық содан өсіп.

Екі дегенім-елім,

Далам,тауым көгім.

Үш дегенім-үміт,

Үміт ақтар жігіт.

Төрт дегенім –төзім,

Төзе білсем өзім.

Бес дегенім –бақыт,

Бағалайтын уақыт.

Алты дегенім-ақыл,

Тыңдағаның мақұл.

Жеті дегенім-жалау,

Жүректегі алау.

Сегіз дегенің-сөзің,

Серт беретін кезің

Тоғыз дегенім –тоқтау,

Елдің  жоғын жоқтау.

 

Топқа бөлу:Оқушыларды таңбаға қарай үш топқа бөлініп отырады.

1 топ-тең, 2 топ-артық, 3 топ-кем.

 

 

 

Сабақтың басы

 

             5мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            10мин

«Миға шабуыл»әдісі

Балалар,сыныптағы парталарды,орындықтарды,шкафтарды,тағы басқа заттарды санаймыз.Заттардың санының көп-аздығын,тең екенін анықтаймыз.

Мысалы: парта-14  орындық-28  шкаф-2 тақта-1

14<28    2>1

1-тапсырма:

 

«Ойлан »(Т)

1-топ:Суреттегі заттар қатарын атапсалыстыру.Суреттегі заттар қатарын салыстыру.5қалам ба,әлде 8қарындаш па?

10өшіргіш пе,әлде 10ұштағыш па? «артық», «кем», «тең»терминдері айтылып,сандарды салыстырады.

 

2-топ:Суреттегі жануарлардың атын атап қатарын салыстыру.

 

3-топ:Суреттегі геометриялық фигураларды атап түстерімен салыстыру.

дескриптор:

-Суреттегі заттарды атап салыстырады

-Берілген сұрақтарға жауап береді

-Артық,кем,тең таңбалары арқылы теңдік,теңсіздік құрастыра алады

 

«Бағдаршам»әдісі

Қызыл-өте жақсы

Жасыл-жақсы

Сары-орташа

 

 

 

 

 

Заттың қатары бар суреттер

 

 Жануарлар бар сурет

Фигуралар (үшбұрыш,шеңбер)сурет.

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

            10мин

 

 

 

 

 

 

 

 

5мин

2-тапсырма:«Айға ұшу»(Ө)            

Әр оқушыға тапсырма жазылған зымыран суреттерін тарату.Жылдам шығарған оқушы өз зымыраның айдын суреті тұрған магнит тақтасына жабыстырады.Сандарды салыстырады.

5*8,8*2,4*9,3*3,10*6

дескриптор:

-берілген тапсырмаларды жылдам орындай алады.

-сандарды салыстыра біледі.

 

«Бас бармақ» тәсілі

Сергіту сәті.

 

«Ханталапай»ойының ойнату.

Оқушылар шеңбер бойымен отырады.Мұғалім асықтарды «Ханталапай»деп ортаға қарай шашып жібереді.Отырғандар тез-тез жиып алуы керек.Қолдарындағы асықтарды салыстырады,кімнің асығы аз/кем болса,сол жеңілген.

3-тапсырма. «Қарқынды,диалог пен қолдау көрсету әдісі»Ұ.Ө)

А.Сандардың көршісін тап

В.Сандар құрамын тап

С.Өрнектер құрастыр

дескриптор:

-Сандық сәуле арқылы көршілес сандарды атайды.

-сандар құрамын біледі.

-өрнек құрастырады.

 

 

 

 

 

Тақтамен жұмыс

 

 

 

 

 

 

  асықтар

 

 

 

 

 

 

Карточка маркерлер

 

 

Сабақтың соңы

 

 

 

 

Кері байланыс-«Әткеншек»әдісі.

 

 

                                        

Қосымшалар: