Жалпыадамзаттық құндылықтар бақытты өмір негізі. Мұғалім: Жолаушина Г.Г. Сыныбы: 7 Ғ

   Күні:23.11.2020ж          Сыныбы: 7 Ғ           Мұғалім: Жолаушина Г.Г.    

Мектеп: №3 Талапкер орта мектебі                        

Сабақтың тақырыбы:

Жалпыадамзаттық құндылықтар бақытты өмір негізі.

Сабақтың мақсаты

Баланың мейірімді, сыпайы  әдеттерді бойына сіңіру өсу жолдарын мұғалімдермен белсене атсалысу, қарым –қатынастарын  дамыту,

-мұғалім мен оқушының  арасындағы байланысты көбейту

-ата-ана, оқушы, мұғалім үштігінің ынтымақтастығын дамыту

Бағалау критерийі

 

Мәтіннің негізгі мазмұны түсінеді,нақты ақпараттарды ажыратады

 

Пәнаралық  байланыс:

Көрнекілігі:

нақыл сөздер

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.

5 мин

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Оқушылар назарын сабаққа аудару

 

 

 
  MCj04244660000[1]
 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

20 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойына тумасынан берілген сый  яғни, жалпыадамзаттық құндылықтар-адамның ішкі жан-дүние қасиетінің өлшемі, адамның жақсылыққа ұмтылуы, басқаларға жанашарлық білдіруі, айналадағы адамдарға қайырымдылығы, өзін-өзі танып, өзін-өзі бағалау арқылы дүниені, әлемді тануы деп түсінеміз. 

Құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне баға беруден тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар мен нормалар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Адам өзін қоршаған затты және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Сондықтан да дамып келе жатқан адамға қандай құндылық қажет деген сұрақ туындайды.

Табиғи құндылық –бұл адамның табиғи күші мен жан дүниесінің қабілеттілігі құндылықтары, яғни ақыл-ой, сезім, күш-жігер т.б.

Жүре пайда болған құндылықтар – бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар, яғни әдептілік, сыпайылық, сыйластық, жанашырлық т.б.

Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар – ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар.

Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару ізгілікке жол ашады.     

Жалпыадамзаттық құндылықтар барлық адами қасиеттердің өзегі болып табылады. 

Өз бойында адамгершілік құндылықтарды дамытудың өзі білім болып саналады. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды  іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз КЕМЕЛ АДАМ деп атауға болады.

 

Слайд арқылы мәлімет беру

 

 

 

 
  three_step_interview
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 5мин

Рефлексия: «Көңіл-күй  ағашы»    Оқушыларға  екі түсті алма – қызыл және жасыл түс беріледі. Балалар алманы алма ағашына жапсырады: жасыл – мен бәрін өте жақсы жасадым деп есептеймін, менің көңіл-күйім жақсы, ал қызыл түс – тапсырманы орындай алмадым, менің көңіл-күйім жоқ дегенді білдіреді.  

  Қорытынды:

Қорыта айтқанда әр мұғалім өз сабағында, ата-аналар үйде балаға дұрыс тәрбие беріп, жалпы адамзаттық құдылықтарға тәрбиелесе, бала ақиқатпен дұрыс әрекет жасап, ешкімге қиянат жасамай, айналаға сүйіспеншілікпен қарап, жан дүниесінде тыныштық орнар еді.

 

http://st.depositphotos.com/1005314/5008<iframe title=

Үй тапсырмасы

2 мин.

« Жалпыадамзаттық құндылықтар бақытты өмір негізі.» тақырыбы бойынша шағын әңгіме жазу.