"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай әдеби сағат

09.09.2022

Талапкер  ауылы жалпы орта білім  беретін  мектеп кітапханасында   Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай  әдеби сағат өтті

Мақсаты:

1. Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру.

2. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу

3. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту

 

Көрнекілігі:   Ахмет Байтұрсынұлы  туралы  Слайд

«,Ахмет Байтұсынұлына 150 жыл атты»  кітап көрмесі

 

Мектептің кітапхана залында    Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай  әдеби сағат өтті.

Оқырмандарды кітап көрмесімен таныстырып  ондағы  Ахмет Байтұрсын ұлының өмір жолдары. шығармашылығы, еңбектері туралы айтылды.

Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйектe қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген. Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы және қоғам қайраткері, Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы және Алаш-Орда

  Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алды. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кірісті. Ол әуелі қазақтың ұлттық жазуын (графикасын) жасауды мақсат еткен, бұл үшін араб алфавиті негізіндегі «Байтұрсынов жазуы» дүниеге келген. Сол жазумен сауат аштыруды ойлаған, бұл үшін «Оқу құралы» атты әліппе оқулығын жазған, одан соң қазақ тілінің граматикалық құрылымын талдап беру мақсатында «Тіл құралды» жазған

   Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері оқылып оқушылар әрбір өлеңге шолу жасалып, шығармашылығымен таныстырылды.  Ахмет тағылымын бір сәтте оқып білуге болмайды. Оны жылдар бойы оқып үйренуіміз керек. Ахмет Байтұрсынұлының ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы, туған халқына

               Жұрт ұқпаса-ұқпасын, жабықпаймын,

               Ел-бір күншіл, менікі-ертеңгі үшін-.деген ұлы сөздерінен түсінуге болады.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 09.09.2022 16:30
Құрылған күні: 09.09.2022 16:30

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст