Талапкер ауылы №3 орта мектептің 9-сынып оқушыларының ата-аналарымен өткізілген жиналыс ақпараты
Талапкер ауылы №3 орта мектептің 9-сынып оқушыларының ата-аналарымен өткізілген жиналыс ақпараты
Бүгін, 27 қараша күні негізгі мектепті аяқтағалы отырған 9-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналыс болып өтті. Жиналыс тақырыбы: «Қашықтан оқу кезіндегі оқушы мен ата-аналарға қойылатын талаптар».
Жиналыс мақсаты: ата-аналарға І тоқсан білім сапасы, оқушылардың онлайн мектепке кіру, үй тапсырмасын орындау көрсеткіші, оқушылардың сабаққа қатысулары жайлы мәліметтермен таныстыру, негізгі мектептен кейінгі орта оқу орындары жайлы ақпараттар беру.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мектеп директоры Абеев С.Х. директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ахитова Г.С сөз алды. Оқушылардың білім деңгейлері, сабаққа қатысулары, онлайн мектеппен жұмыс жасау туралы айтып, сабақтан бос кезде, кешкі мезгілде көшеде бейсауыт жүрмеулері жайлы ескертті. Негізгі мектептен кейінгі оқу орындары жайлы ақпараттармен бөлісті. Одан кейін әр сынып жетекшіге сөз беріліп, сынып жетекшілер ата-аналарды І тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасымен таныстырды. Балалардың онлайн мектепке кірулері, тапсырмаларды орындау көрсеткіштері жайлы ақпарат берді. Республикалық Айқанат олимпиадасының І туры және мектепішілік пәндік олимпиада қорытындысы жайлы мәліметтер ұсынды. Жиналыста өзге де мәселелер жайлы сөз қозғалып, ұстаздар ата-аналардың қойған сұрақтарына жауап берді.