«Жол тәртібін білейік,аман-есен жүрейік» 1 "Д" сынып Отарбаева К.Ж

 

Ақпарат:

Қыркүйек айының сегізі күні  1 «Д»сыныбында «Жол тәртібін білейік,аман-есен жүрейік» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына кезекші сынып оқушылары түгел қатысты:

 

Сабақтың мақсаты:

1. Көшеде жүру тәртібі туралы білімдерін тиянақтау, жинақтау.

2. Көше тәртібін әрдайым сақтауға, қиын жағдайларда дұрыс шешім таба білуге тәрбиелеу, құқықтық тәрбие беру.

3. Оқушылардың ой-өрісін, жан-жақты білімдерін дамыту.

Оқушылар үш топқа бөлініп отырғызылды.

І-топ «Қызыл»

ІІ-топ «Сары»

ІІІ-топ «Жасыл»

Топтар арасында сұрақтарға жауап алынды, суреттер құрастыру, сөзжұмбақ шешу, тақпақтар айту бөлімдері бойынша сайыс түрінде өткізілді. Балалар берілген тапсырмаларды топпен орындап, ортаға спикерлері шығып қорғады.

Сабақ тартысты да, қызықты өтті. Оқушылар жол белгілерін жаттап, танып білді.