Бақылаудың тақырыптық түрін ұйымдастырудың практикалық мәселелері. Қалиева С

Бақылаудың тақырыптық түрін ұйымдастырудың практикалық мәселелері

Т.Горбунов ,Е.С.Березняк, В.И.Иващенко, Е.И.Перовский, С.Ф.Суховский ғылыми педагогикалық еңбектерінде талдаған.Бақылауды ұйымдастыру жекелеген әдістемелік мәселелері жайында М.Р.Львов,А.П.Пышкалов т.б. талдау жасаған.Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әректінде бақылау жасау қызметін атқарады.Олардың творчестволық күшімен қабілетінің дамуына ықал етеді..

Білімдік бақылау. 
Педагогика ғылымы саласында бақылаудың, көптеген түрлері кең тараған Прфессор Ж.Б.Қоянбаев ,Р.М.Қоянбаевтың педагогика оқулығында ол тақырыптық тараулар бойынша оқтын-оқтын және қорытынды бағалау деп бөлінген. 
 

Күнделікті бақылау: Оқыту процесінде күнделікті қолданған сабақ барысында оқушылардың оқу танымдылық әрекетіне басшылық жасайды.Ол ішгкі және сыртқы байланыс жан –жақты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.Соның негізі оқушының келесі оқу әрекетіне ықпал етеді. Күнде бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардыщң сынып немесе үй тапсырмасын өз бетінше орындауға деген қызығушылығы жауапкершілік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады. 
 

Тақырыптық бақылау: оқу бағдарламасындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі.Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге мұғалім жаңа тақырыптық кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады. Кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелерді оқушылардың есіне салады. Барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау роцесінде тақырыптық және тарау бойынша барлық нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойы алған теориялық тәжірибелік білімдері анықталады. Сонда қорытынды бақылаудың негізгі емтихан және оқушылардың жылдық үлгірім бағалары болады.