5 "Ә" сыныбында қыздар жиналысы өткізілді

05.02.2020 күні 5 Ә сыныбында қыздар жиналысы өткізілді. Мақсаты: қыз балалардың бойына қыз бейнесіне тән мінез – құлық сипатын қалыптастыру. Оқушыларды бір – бірімен, айналадағы ортамен үйлесімді қарым – қатынас жасауға дағдыландыру, мәдени сөйлеу біліктілігін дамытуға,  өзара жағымды қарым – қатынасын арттыру, оларды адамгершілікке, шындыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Жиналыс барысында әр түрлі тренингтер жүргізіліп, сыныпта жағымды атмосфера қалыптасты.